Текст песни Абай Кунанбаев - Желсіз түнде жарық ай


YouTube видео Абай Кунанбаев - Желсіз түнде жарық ай

Текст песни:

Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың, жаны — терең сай
Тасыған өзен күрілдеп
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі
Тау жаңғырығып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып
Бір суынып, бір ысып
Дем ала алмай дамыл қып
Елең қағып, бос шошып
Сөз айта алмай бөгелiп
Дүрсіл қағып жүрегі
Тұрмап па еді сүйеніп
Тамаққа кіріп иегі
Комментарии
Добавить